Ұлттық құндылық - ел болашағы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде  кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында "Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады" деген болатын.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде  кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында "Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады" деген болатын.

Сондай-ақ, ұлы даланың әрбір қыры оның әуелден бүгінге дейінгі халқының терең тарихы мен бай мәдениетінің куәсі екендігі және оны жаңғырту әлемдік өркениет үшін ерекше маңызды екендігін атап көрсетті.

Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек. 

Ұзақ уақыт бойы қыспақта болып, құрудың алдында қалған ұлттық құндылықтарымызды ұлт болашағының негізгі діңгегі ету - мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты өзегі.

Осы ретте, еліміздің ертеңі, әрқайсымыздың өмір жалғасымыз болып табылатын жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу - аса өзекті тақырып. Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбие менадами сезімді қалыптастыру және дамыту мәселесі қазақ ақын-жырауларының ой иірімдері, даналық тұжырымдары, халықтың адамгершілік ұғымдары, этнопедагогикалық ойлар арқылы жүргізілуі тиіс. Бұлар өз кезегінде  жас ұрпақтың адамгершілік сезімдерін дамытып, Отан алдындағы міндеті мен борышын адал атқаруға деген оң көзқарасының қалыптасуына мақсатты ықпал етеді.

Халқымыз "Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез" дегенді тегін айтпаған. Сондықтан да ғасырлар бойына сөз құдіретін сезіне білген, шешеннің билігіне тоқтаған, елдікті сақтаудағы тапқырлығына тәнті болып, дәріптеген. Қыз бен жігіттің бір-біріне алғашқы сезім білдіруі айтыс түрінде өрбісе, қариялар бата беріп, ақ жол тілеп отырған, тұтас қоғам өмірін қадағалай білген. Ал өнер сайыстарының қайсысы болмасын өскелең ұрпақты ерлікке, батырлыққа, тапқырлыққа, терең ойлылыққа тәрбиелеген. "Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы» екендігін естен шығармай, мәдениетімізді терең зерделеу арқылы "Мәңгілік ел" бола алатынымыз хақ.

"Ұлттық құндылық" жобасы аясында
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы тапсырысымен
Орындаушы: "Педагогикалық ғылымдар академиясы" ҚБ

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro