19 шілде 2019 | 16:29

Ұлттық парктың экс-бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Ұлттық парктың экс-бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық парктың экс-бас директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармаға сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің департаменті Сайрам-Өгем мемлекеттік орман және аңшылық шаруашылығы ұлттық паркінің бұрынғы бас директорынан алаяқтық фактісін анықтады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Ол өзінің қызметтік мансабын пайдаланып, орынбасарларынан басшылыққа ақша аударамын деген сылтаумен 460 мың теңге және 800 доллар ақшалай қаражат аударып алған. 

"Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады. Қызметкерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқарма.

Сайрам-Өгем мемлекеттік паркі Түркістан облысындағы Қазықұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы ұлттық табиғи парк. Батыс Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде орналасқан, сондай-ақ Талас Алатауы және Өгем, Қаржантау мен Боралдайтау тау сілемдері кіреді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная