Ұлттық сапа орталығы Қазақстан жолдарының 75 пайызын зерттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық сапа орталығы Қазақстан жолдарының 75 пайызын зерттеді

Жол жұмыстарына талдау жүргізу, жөндеу іс-шараларын уақытылы тағайындау және күтіп ұстау, жол жөндеуші ұйымдардың дұрыс қаржыландыруын қамтамасыз ету үшін автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың жағдайы бағаланады. Бұл бағалау автомобиль жолдарының диагностикасы деп аталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол жұмыстарына талдау жүргізу, жөндеу іс-шараларын уақытылы тағайындау және күтіп ұстау, жол жөндеуші ұйымдардың дұрыс қаржыландыруын қамтамасыз ету үшін автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстардың жағдайы бағаланады. Бұл бағалау автомобиль жолдарының диагностикасы деп аталады.

Автомобиль жолдары комитетінің тапсырысы бойынша ҚР КМ "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК автомобиль жолдар диагностикалау және бағалау жұмыстарын 2020 жылы бастады. Республикалық маңыздағы 25 мың км жолдың 18,3 мың км диагностика жүргізілді. (қатты жабыны жоқ - 3,4 мың км, жөндеудегі - 3,2 мың км автожол диагностикадан өтпеді). 2023 жылы ЖАСҰО 17,7 шақырым жолға диагностика жүргізді.

Орталық жол бетіндегі ақауларды анықтау және жол туралы егжей-тегжейлі есептерді жасауға жасанды интеллект негізіндегі SRDS (Smart Road Diagnostic System) бағдарламалық құралын пайдаланады. Бұл жүйе Назарбаев Университетімен бірлескен жұмыстың нәтижесі. Қазір ол патенттелген. Кәсіпорын бұл жүйені өнімді Ресейде белсенді енгізуде.

Орталық өз бастамасымен Microsoft Power BI қосымшасындағы GPS координаттарымен байланыстырылған үш жылдағы барлық диагностикалық деректерді цифрландырды және интерактивті картаға түсірді. Картада диагностиканың нәтижелері мынадай көрсеткіштерден жасалады: бойлық және көлденең тегістік, ілінісу, жол жабынының беріктігі, жабын ақаулары мен түрлері.

"Карта деректерді республика, облыстар, тіпті автожолдар бойынша да қажетті параметрлер тұрғысынан жолдардың жай-күйін талдау және мониторингтеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қосымшадағы белгілі бір сүзгілердің көмегімен көрсеткіштердің өзгеруін бақылауға және нашарлауы мүмкін аймақтарды анықтауға болады, жөндеудің шұғыл қажеттігін көрсетіп, проблемалық аймақтарды анықтайды. Сонымен қатар, критикалық жерлерден бастап әр түрлі учаскелердің басымдығын бағалауға болады", - дейді диагностика және ведомстволық сараптама департамент директоры Талғат Жүсіпов.

Жыл сайын осы диагностика нәтижелері мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және жолдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жөндеуге бюджет қаражатын бөлу үшін автомобиль жолдары комитетіне беріледі.

"Біз автомобиль жолдарының жағдайын диагностикалаудағы мүмкіндіктерімізді жақсарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Long-Term Pavement Performance (LIP) - ке ұқсас интеграцияланған жүйені құрмақпыз. Ол жол жабындары туралы деректердің орталық қоймасы ретінде қызмет етеді және біздің көлік желілерін тиімді басқару мен дамыту үшін толық ақпарат береді", - дейді Жүсіпов.

Бұл жүйе жол инфрақұрылымын дәл және ақпараттандырылған басқаруды қамтамасыз ету болып табылады. Өңіріміздің бірегей жағдайлары мен талаптарын ескере отырып, жол құрылысы мен қызмет көрсету саласындағы ең үздік тәжірибелерді әзірлеуге және енгізуге көмектесетін құрал жасауға ұмтыламыз.

Tengrinews
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети