Ұлттық банк БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңге қаражатын шағын және орта бизнеске береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңге қаражатын шағын және орта бизнеске береді

Ұлттық банк БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңге қаражатын шағын және орта бизнеске беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Ұлттық банк БЖЗҚ-ның банктің қаржы инструменттеріне инвестицияланған қаражатын қолдану механизмін қарастырып жатыр. Бұл 200 миллиард теңге, бұл қаражат банктер арқылы таяу уақытта инвестицияланады", - деп хабарлады Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев Reuters агенттігіне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, БЖЗҚ қаражатын банктер арқылы инвестициялау пайыз мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша мемлекеттік бағдарламалармен байланысты болады. Еске салайық, биылғы ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БЖЗҚ қаражатының сақталуы үшін шетелге 500 миллиард теңгені инвестициялауға, сонымен қатар, 600 миллиард теңгені жергілікті банктер мен компаниялардың "шартты" құнды қағанздарына құюды тапсырған еді. "Шартты түрде дегеніміз қаражаттың шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталуы тиіс дегенді білдіреді", - деді Ақышев. 

Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, зейнетақы жинағының жалпы сомасы - 5,83 триллион теңге.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети