Ұлттық банкке қарсы сот процесінде заңгер жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банкке қарсы сот процесінде заңгер жеңіліп қалды Анатолий Утбанов. ©Facebook.com/advokatkz

Заңгер Анатолий Утбанов Ұлттық банкке қарсы сот процесінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Сарыарқа аудандық сотынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заңгер Анатолий Утбанов Ұлттық банкке қарсы сот процесінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Сарыарқа аудандық сотынан.

Судья Утбановтың талап арызын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты. 

Еске сала кетейік, Анатолий Утбанов сотқа Ұлттық банкке қарсы талап арыз берген болатын. Ол банк менің ақпарат алу құқығымды бұзды деп есептейді. Сот барысында заңгер банктің өзіне нақты жауап қайтарудың орнына бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға сілтемелер бергенін айтты. Арызданушы мұны "жаттанды сырғытпа жауап" деп атады. Ұлттық банк өкілдері болса, заңдарда ашық ақпарат көздері арқылы жауап қайтаруға тыйым салынбайтынын алға тартты. Заңгердің оппоненттерінің айтуынша, олар жалпыға белгілі ақпаратты қайталамау үшін сілтемелермен шектелген.

Банк өкілдері заңгерге толық, жеткілікті жауап қайтарылды деп есептейді. Утбановтың тағы талабы Ұлттық банктің өтінішті қарау мерзіміне қатысты болатын. Оның айтуынша, банк жауапты 15 күн ішінде емес, 60 күннен соң қайтарған. Ұлттық банк өкілдері арызданушының дәйектерін негізсіз деп есептейді, олардың айтуынша, қойылған сұрақты зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған.

Сот шешімі жария етілген кезде сотта журналистер мен заңгердің өкілдері ғана болды. Ұлттық банк өкілдері қатыспады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети