Ұлттық бюро жауап алу үшін Әблязовті Астанаға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық бюро жауап алу үшін Әблязовті Астанаға шақырды © REUTERS

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген ведомство хабарламасында.

"ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 208-бабының 1-бөлігі бойынша, күдікті күдіктi жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырылады. Алайда күдікті Әблязовтің Қазақстан Республикасында болмағандықтан және келуден бас тартқандықтан, Антикоррупция қызметі ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 205-бабының 3-бөлігін негізге ала отырып, хабарламаны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды", - деп мәлімдеді Ұлттық бюродағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети