Ұлттық экономика министрлігі комитеттеріне басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрлігі комитеттеріне басшы тағайындалды ©Тengrinews.kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің комитет жетекшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengronews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің комитет жетекшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengronews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігінің құрамына бес комитет кіреді. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып Қосман Айтмұхаметов тағайындалды, ол ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары болған еді. 

Министрліктің Статистика комитетінің басшысы - Әлихан Смайылов, ол бұрын Статистика агенттігін басқарды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басшысы болып Серік Жұманғарин тағайындалды, ол бұрын ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары болды.

Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің басшысы болып бұрын Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған Әлиақпар Мәтішев тағайындалды. Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетіне бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетін басқарған Асқар Саду төраға болды.

Еске сала кетейік, 6 тамызда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ведомстволарды қайта құрған болатын. "Үкіметтің 12 министрліктен, 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымы жөнінде шешім қабылдадым. 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына", - деген болатын Назарбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети