Ұлттық компаниядан миллиардтаған ақша ұрлаған басшылар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық компаниядан миллиардтаған ақша ұрлаған басшылар ұсталды Фото "Қазатомөнеркәсіп" ҰҚ" АҚ басқарушы директоры Шевелев © Finpol.kz

ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шевелев пен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының орынбасары Әбдіразақовты ұстады. Олар қылмыстық топ басшысының жеке фирмасына 1,3 миллиард теңге аударғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кеткен жөн, наурыздың ортасында қаржы полицейлері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясынан 1,3 миллиард теңге көлемінде қыруар қаражат ұрлаған "Сырдария - жоба Құрылыс" ЖШС директоры Розмат Әлібековты ұстаған болатын. Оның ішкі істер министрлігінде "Әлібеков" атты ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы ретінде тіркеуде тұрғанына қарамастан, ол ақшаның барлығы Әлібековтың фирмасына арнайы құрылыс жұмыстары үшін аударылды. Енді, қаржы полициясы оның "Қазатомөнеркәсіп" компаниясындағы сыбайластарын анықтады.

 "Аталған қылмысқа қатысы бар деген айыппен "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басқарушы директоры Шевелев пен "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС директорының орынбасары Әбдіразақов ұсталды. Сот санкциясымен олар қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети