Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды © Ақорда

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті басшылық құрамға комитеттің жаңа төрағасы Владимир Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды. "Ол - кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін", - деді Мемлекет басшысы.

Жұмақанов жаңа лауазымына кандидатурасы Парламент Сенатымен келісілгеннен кейін тағайындалады. Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты. Кездесу қорытындысы бойына Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Жұмақанов 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары қызметінде болды. 2010 жылдан бастап ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып келді. 

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Нұртай Әбіқаевты зейнет жасына жетуіне және басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты. "Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп,  қойылған міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет басшысы ретінде оған алғыс білдіремін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети