Ұлттық қордан бөлінген қаржының жұмсалуын прокурорлар қадағалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қордан бөлінген қаржының жұмсалуын прокурорлар қадағалайды Фото Бас прокуратураның баспасөз қызметінен алынды

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев қоластындағы қызметкерлерге Ұлттық қордан бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қадағалауды тапсырды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев қоластындағы қызметкерлерге Ұлттық қордан бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуын қадағалауды тапсырды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның алқа отырысында Дауылбаев "Прокуратура органы партиялық бақылау және арнайы комиссия жұмысымен қатар Ұлттық қордан бөлінген ақшаны тиімді және ұтымды пайдалануды қадағалайды. Осы орайда Елбасы жолдауын жүзеге асыру мақсатында орталық аппаратқа және жергілікті жерлердегі барлық прокурорларға бөлінген қаржының заң шеңберінде жұмсалуын қадағалауды тапсырамын. Бұл орайда жемқорлықтың жолы кесілуі тиіс. Бюджет қаржысының талан-таражға түсуіне жол берілмеуі керек", - деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы өзінің кезекті жолдауында алдағы үш жылда Ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард доллар қосымша қаражат бөлуді тапсырды. Ол "Мемлекеттің бұл қоры мемлекеттің әл-ауқатын көтеруге жұмсалады", - деді. Сондай-ақ, Президент арнайы құрылған комиссия қаражаттың жұмсалуын қатаң қадағалайтынын жеткізді.

"Әрбір тиынның қатаң сұрауы болады. Қаражаттың игерілуін бақылау бойынша басты жауапкершілік барлық деңгейдегі әкімдерге және "Нұр Отан" партиясының филиалдарына жүктеледі. "Нұр Отан" бұл жұмысқа белсенді түрде атсалысуы қажет", - деді Елбасы.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети