Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды Сұлтан Қамалетдинов © kstu.kz

Сұлтан Қамалетдинов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұлтан Қамалетдинов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мұның алдында Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінде экс-қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов болған еді. Тамызда Президент оны Арыстағы жарылыстардан кейін жұмыстан босатқан.

Сұлтан Камалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Астрахан облысында (Ресей) дүниеге келген. 1986 жылы Ташкент жоғары танк командалық училищесін тәмамдаған. 

Қызметін ГСВГ танк дивизиясының гвардиялық танк полкінің танк взводының командирі болып бастады. Әр жылдары танк батальонының, танк полкінің, механикаландырылған бригаданың командирі болып қызмет етті.

2006-2008 жылдары "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқару штабы бастығының орынбасары болды. 2008 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2010 жылы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының штаб бастығы болып тағайындалды. 2013-2016 жылдары "Астана"өңірлік қолбасшылығының әскерлерін басқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети