Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды © facebook.com/KasymKaissenov

Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"25 қаңтарда 99 жасында Асыл Қабышқызы Қайсенова қайтыс болды. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің жары. Қайсеновтар отбасына және туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Иманды болсын", -делінген Facebook желісінде жазушының атынан ашылған қауымдастық парақшасында. 

Көзі тірісінде аты аңызға айналған әйгілі партизан (Қасым Қайсенов - авт. түсіндірмесі) ШҚО-дағы Ұлан ауданында 23 сәуірде дүниеге келген.

Ол - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының нағыз қаһарманы ғана емес, сол өзі көрген, көкейіне түйген соғыс шындығын жеткізуші. Әрі өзі секілді соғысқа қатысқан қазақтың даңқты хас батырлары: Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Жұмағали Саин, партизан Байұзақ, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғаларымыз жайлы естеліктер жазып қалдырған. Айта кетсек, Қасым Қайсеновтің жеке қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы. Сол мәліметтерден қазақтың батырлары жайлы естеліктерін жинақтап беруді жөн көрдік.

Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсанда 89 жасында Алматыда өз үйінде қайтыс болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети