Ұлы мен келінінен айырылған отбасында тағы бір адам менигококкпен ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлы мен келінінен айырылған отбасында тағы бір адам менигококкпен ауруханаға түсті Tengrinews.kz фотоколлажы

Менингококк инфекциясын жұқтырып бес жастағы ұлы мен 19 жастағы болашақ келінінен айырылған Аида Ахметованың інісі ауырып жатыр. Бұл туралы әйел Тengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Менингококк инфекциясын жұқтырып бес жастағы ұлы мен 19 жастағы болашақ келінінен айырылған Аида Ахметованың інісі ауырып жатыр. Бұл туралы әйел Тengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

Диагноздың расталғаны туралы таяуда белгілі болған. 5 жасар Димаштан менингококк инфекциясы табылғаннан кейін Ахметовтер отасының мүшелерінен анализ алынған. Биохимиялық тексеруге бес күн кетті. 


Аида Ахметова ұлы Димашпен


Айжан Наурызбаева

Кеше анализдердің қорытындысын алдық. Барлығымыздың анализіміз таза, ал менің інімнің, Айжанның жігітінде диагноз расталды, ол менингококк инфекциясын жұқтырған. Қазір ол Алматыдағы ауруханада жатыр. Жағдайы дұрыс, ЖРВИ секілді, тамағы қызыл. Інім 2001 жылғы", - деді Аида Ахметова. 

Жігіттің ауруханаға түскені туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы растады. 

"2001 жылғы науқас ауруханаға түсті. Оның менингококк назофарингит жұқтыру қаупі бар. Біз үшін ең қауіптісі менингококцемия, алайда жігіттің диагнозы ондай емес. Ол ересектерге арналған инфекциялық ауруханада жатыр", - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Эльвира Ибрагимова. 

Сонымен қатар, менингококктан қайтыс болған 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменовтің бауыры да өз жағдайын бөлісті. "Қазір ауруханадамын. Өзім келдім. Менің дене қызуым көтерілді", - деді Ерболат Сүлейменов. 

5 жастағы Димаш Ахметов маусымның 1-нен 2-не қараған түні қайтыс болған еді. Олар 3 маусымда таңғы 09:00-де баламен байланыста болған болашақ келіндерінің қайтыс болғанын естіген. 

Алматылық 27 жастағы өрт сөндіруші Олжас Сүлейменов 3 маусымда қайтыс болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети