Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі Мәскеуден жеткізілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Қорғаныс министрлігі Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери борты Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің – Николай Матвеевич Гуровтың, Төлеген Үркербаевтың және Петр Абрамович Фоменконың сүйегін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери борты Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің – Николай Матвеевич Гуровтың, Төлеген Үркербаевтың және Петр Абрамович Фоменконың сүйегін Мәскеуден Нұр-Сұлтанға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Рәсім барысында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздестіруге белсене қатысқандардың бәріне ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.

"Сұрапыл соғыстан оралмай, хабар-ошарсыз кеткен сарбаздар мен офицерлердің ұрпақтары әлі күнге дейін бабалары жайлы хабар күтеді. Соғыста қаза тапқан соңғы сарбаз жерленгенге дейін іздеу жалғаса бермек", – деді қорғаныс ведомствосының бастығы. – Біз бірлесіп атқарып жатқан жұмыс жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге, қазақстандық жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығы туралы тарихты жадымызда сақтауға барынша ықпал етеріне сенімдімін.

Қаза тапқан жауынгерлердің сүйектерін жеткізу "Atamnyn Amanaty" қоғамдық ұйымының  арқасында ұйымдастырылды. Бұл ұйым Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына аттанып,  қаза тапқан және хабарсыз кеткен сарбаздардың жерленген жерін анықтау бойынша мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысады. 

"Сұрапыл соғыстың басталғанына сексен жылдан астам уақыт өтті. Біздің ұйым бұл ретте мұрағат деректерін жинауда тынымсыз жұмыс істеп келеді. Жеңіс жолында біздің жарқын болашағымыз үшін қаза тапқандардың есімдері анықталып, олар іздеушілермен үнемі байланыста болады", – деді Atamnyn Amanaty басқармасының төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Қазіргі уақытта Петр Абрамович Фоменко – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаковка ауылынан, Үркербаев Төлеген – Алматы облысының Ұзынағаш кентінен, Гуров Николай Матвеевич – Алматы қаласынан екені нақтыланды.

Аталған өңірлерде жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу, туыстарына беру және әскери құрмет көрсетіліп, қайта жерлеу рәсімдері өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro