Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ұлы Отан соғысының 94 жастағы ардагері жүзуден рекорд жаңартты

04 Мамыр 2016, 13:09
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ұлы Отан соғысының 94 жастағы ардагері Бүркіт Есжанов кез келген кәсіби жүзушіні басып озады. Ақсақал спортпен күнделікті айналысып, 600 метр дейінгі алыс қашықтыққа жүзеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсақалдың достары мен таныстары оны "Балық адам" деп атайды. Соғыс ардагері жүзумен 10 жылдан аса айналысып келеді. Оның күнделікті жаттығу кестесі спорт пен екі сағат жаяу серуендеуден тұрады. Бүркіт Есжанов бассейнге аптасына 2 рет барады. Ол 600 метрге дейінгі қашықтыққа жүзеді. Ардагер ешқашан жаттығуларды қалдырмайды. Оның айтуынша, бұл жаттығулар оған әрдайым өзін сергек сезінуге көмектеседі.

Жаттықтырушылар оның шыдамдылығына таңғалады. Себебі оның жасайтын жаттығуларын кез келген адам жасай алмайды.

"Мен Бүркіт Есжанұлымен осыдан 10 жыл бұрын таныстым. Сол кезде ол әлсіз болатын. Бұлшықеті әлсіреп, тәбеті болмады. 10 жыл ішінде оның өмірінде таңғаларлық өзгерістер болды. Әр жаттығу сайын ол сергек болды. Оның бұлшықеттері қатайып, өзін жақсы сезіне бастады. Көшеде жиі серуендеді, сондықтан оның жүзу қашықтықтары ұзара берді. Тек ауа-райының қолайсыздығына немесе қоғамдық жұмыстарына байланысты болмаса, ол ешқашан жаттығулардан қалмайтын. Ол жастарға ғана емес, бізге де үлгі, біздің мақтанышымыз! Ол бізге өзінің ардагер достарымен де келіп тұрады. Бүркіт Есжанұлы мен басқа ардагерлерге зор денсаулық тілеймін!", - деді ардагердің жаттықтырушысы Сергей Кокарев.

Бүркіт Есжанов майданға 19 жасында 1942 жылы барған. Ол кезде Бүркіт Ленинградтағы авиациялық училищенің курсанты болып жүрді. Ол Мәскеу маңында бесінші атқыштар дивизиясында шайқасқан. Сонымен қатар, 1943 жылы Курск маңындағы шайқасқа қатысты. Шайқастан жарақат алған Бүркіт Есжанов ауруханаға түседі. Бірақ бұдан кейін ол айтқанынан қайтпай, қайта шайқас алаңына барады. Соғыстан кейін ардагер Солтүстік-Шығыс Қытай мен Моңғолияны жапондардан босатуға ат салысты. Кейін 1948 жылы Отанына оралып, үйленді. Содан бері 66 жыл өтті. Қазір жұбайларға ақсақал Бүркіт Есжанұлы мен Күмісжанға бәрі қызыға қарайды. Олардың 8 баласы мен бірнеше немере мен шөбересі бар. Ортаңғы ұлы Бейбіт Есжановты барлығы былғары қолғап шебері ретінде таниды.

"Курск маңындағы шайқаста бізге миллион фашист әскері шабуыл жасады. Бірақ олар тек 60 шақырым жерге дейін жетті. Біз оларды шекараға дейін қуып шықтық. Шайқасқа танк, зеңбірек және Қызыл Әскер сарбаздары шықты. Біздің сарбаздар, офицерлер, маршалдар шайқаста шеберліктерін көрсете білді. 10 тамызда біз Орел қаласын босаттық. Сонда ғана мен ауыр жарақат алып, Алексин қаласындағы госпитальде екі ай ем алдым. Кейіннен майданға қайтып келдім. Оңай болған жоқ, бірақ біз жеңдік! Қазір біз бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырмыз! Қазіргі жастарда бәрі бар. Олар осындай бейбіт елде өмір сүріп жатқаны үшін мақтануы қажет. Олар елімізді біз сияқты қорғауы қажет!", - деді ардагер.

Ұлы Отан соғысында Қарағанды облысынан 45 000 мың адам қатысты. 18000 жуық адам майданнан қайтпай, қаза тапты. Ал қайтып келген адамдардың саны күннен-күнге азайып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай