Ұлыбритания Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция салуға ниетті емес - СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция салуға ниетті емес - СІМ Фото: elements.envato.com

Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салуды көздемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания Қазақстанға қарсы санкция салуды көздемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмадпен бейне-кездесу өткізген, сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личті қабылдаған.

Тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген өзара сенім мен кең ауқымды өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, олар Украинадағы жағдайды және соғыс қимылдарын тоқтату және тараптарды бейбіт жолмен шешуге қайтару бойынша халықаралық деңгейде қабылданған қадамдарды талқылады.

"Британдық тарап Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға қатысты қандай да бір санкция салуға ниетті емес екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланған тақырыптардың барлық спектрі бойынша толық өзара түсіністік расталды және екіжақты қатынастарды одан әрі белсенді және жан-жақты дамытуға өзара дайындық білдірілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети