"Ұлым тәртіпсіздіктерге қатысқанына сенбеймін"

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ұлым тәртіпсіздіктерге қатысқанына сенбеймін" © almaty.tv

Ішкі істер министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен қамауда отырған алматылық мұғалім Өркен Ерзаттың туыстарының арызын қарап жатыр. Бұл туралы Almaty.tv арнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен қамауда отырған алматылық мұғалім Өркен Ерзаттың туыстарының арызын қарап жатыр. Бұл туралы Almaty.tv арнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арна мәліметінше, колледждің 22 жастағы оқытушысы 11 күннен бері УҰИ-да жатыр. Ер адам тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген. Алайда жігіттің туыстарының айтуынша, оны қателесіп ұстаған.

"Мен оның митингіге қатысқанына сенбеймін, оны жақсы білемін. Оның табиғатында мұндай жоқ. Ол өте тыныш және тұйық, ақкөңіл адам. Оны аман-есен қайтаруын талап етемін", - деп жылайды оқытушының анасы Күлмария Нұрахымбек.

5 қаңтарда Өркен туыстарына баруды жоспарлаған. Бірақ автобустар жүрмей, көліктер болмаған. Интернет жұмыс істемей, ал ақшасы тек мобильді қосымшада болған. Ер адам өзіне қауіп төндіре отырып, банкоматты пайдалануды ұйғарған, бірақ сол кезде аяғынан оқ жарақатын алған, дейді ер адамның туыстары.

Жараланған Өркен ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Оны туыстары ауруханадан алып кеткен. Көп ұзамай артынан полиция келген.

"13-і күні полиция келді, інімді алып кетті, бір-екі сағат деді, бірақ қазір 11 күн өтті. Жағдайы туралы ақпарат жоқ, қатты уайымдап отырмыз. Анам үнемі жылайды. 25-і күні адвокатпен барып, ініммен кездесуіміз керек. Байғұс інімді ұрып-соғып жатқанына сенімдімін", - дейді ер адамның әпкесі Ардақ Ерзат.

Қазір бұл іс қалалық прокуратура бақылауында. Ал, Ішкі істер министрлігі мұндай әрбір іс жеке қаралатынын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының кінәсі дәлелденсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарға қатысты күш қолдану деректеріне қатаң әрекет етеді. Әрбір факт полиция ғимараттары мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерделенеді", - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети