18 қараша 2014 | 17:01

Ұлын 30 жыл бұрын тастап кеткен әйел Ресейден табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ақмола облысының полициясына бір ер адам хабарласып, өзін 30 жыл бұрын тастап кеткен анасын тауып беруді өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жігіт осы уақытқа дейін анасын өз бетімен іздеген, бірақ іздеуден еш нәтиже шықпапты. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының полициясына бір ер адам хабарласып, өзін 30 жыл бұрын тастап кеткен анасын тауып беруді өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жігіт осы уақытқа дейін анасын өз бетімен іздеген, бірақ іздеуден еш нәтиже шықпапты. 

Әйел 1986 жылы үш жастағы баласын күйеуіне тастап кеткен - бала содан бері анасын көрмеді. Баласынан безген әйел кейін Шешенстанға көшіп кетеді. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, 31 жастағы ер адамның арызынан кейін "Іздеу" жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Соның барысында әйел адамның жүрген жері анықталды. 

"Біздің қызметкерлер әйелдің кім екенін анықтады, ол 2000 жылы фамилиясын өзгерткен болып шықты. Қазір Ресей Федерациясының Пятигорск қаласында тұрып жатыр. Полицейлер іздестіруден кейін бүкіл мәліметті, соның ішінде, әйелдің тұрып жатқан жері туралы ақпаратты оның ұлына берді", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД өкілдері. 

Бұған дейін Ресей азаматшасы Светлана Михалькованың қазақстандықтардан өзінің төрт баласын тауып беруді сұрағаны хабарланған еді. Балаларды оның күйеуі Алматы облысына алып кеткен. Ақпарат құралдарының мәліметінше, 2012 жылдың жазында бұрынғы күйеуі балаларын Талдықорғандағы әжесіне апаратынын айтқан. Әйел оларды әуежайда шығарып салады. Бірақ күйеуі кейін әйелге балаларыңды ешқашан көрмейсің деп, сәлем жолдайды. "Қалалық полицияның көмегімен жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Оған қоса, криминалдық полиция қызметкерлері де іздеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлаған еді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети