17 тамыз 2014 | 10:37

"Ұлытау" экспедициясы Әулиетау шыңын бағындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әулиетау тауы. Фото ©Massaget.kz. Әулиетау тауы. Фото ©Massaget.kz.

Қазақстан ұлттық географиялық қоғамның бастамасымен Ұлытауға аттанған экспедицияға қатысушылар Аулиетау аймағындағы ең биік шыңды бағындырды, деп хабарлайды Massaget.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан ұлттық географиялық қоғамның бастамасымен Ұлытауға аттанған экспедицияға қатысушылар Аулиетау аймағындағы ең биік шыңды бағындырды, деп хабарлайды Massaget.kz.

Экспедицияға қатысушы Назарбаев Университетінің студенті Шумахо Кумыков  тау бөктерінде жиналып қалған судың құрамын зерттеу үшін арнайы құтыларда құйып алып отырды. Бір қызығы, биіктігі жағынан Әулиетаудан кейінгі екінші орында тұрған шыңның дәл ортасында көлшіктің бар екені анықталды. Оны жергілікті тұрғындар Жындыкөл деп атайды екен. Тұрғындардың айтуынша, ол көл бірде толса, енді бірде жоқ болып кететін қасиетке ие екен.

Арнайы карта тарихи жәдігерлердің 3D моделі мен жергілікті мекенге қатысты картографиялық материалдарды жинақтау мақсатында экспедицияға қосылған «ЛСТ» (Лаборатория сетевых технологии) инженер мамандары мен бағдарламашылары автопилоттық тәртіпте жұмыс істейтін аппараттарымен таудың атырабын суретке алды. «Авалон» тарихи-географиялық қоғамның президенті Виталий Шуптар мен оның командасы туристік инфрақұрылымды дамытумен айналысты. Экспедицияға қатысушылардың әр қадамын БАҚ өкілдері мен блогерлер тіркеп, бейнетаспаған түсіріп отырды.

Ұлытау тау сілемдері – Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі 240 шақырымға созылып жатқан ұсақ шоқылы, аласа таулы алқап. Биіктігі 400 метрден 1134 метрге дейін жетеді. Әулиетау тауының ең биік шыңы да Әулиетау деп аталады. Одан өзге Едіге тауы, Кішітау болып бөлінеді. Ұлытау төңірегінде түркі қағандығы заманының белгілері – тас мүсіндер көп сақталған. Алайда қазіргі уақытта олардың мазарларынан бөлек, басқа да адамдардың жерленгені белгілі болып отыр.

Ғалымдар алдағы уақытта Алтыншоқы аймағына атбасын бұрып, Едіге хан менТоқтамыш жерленген Едіге тауының шыңын да бағындыруды жоспарлап отыр. Еске саламыз, Ұлытау экспедициясы тамыздың 22-іне дейін жалғасады

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети