Жаңаарқа ауданының Ақтайлақ елді мекенінде облыстағы тұңғыш консерві цехы ашылады. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы құрылыс жұмыстарын бақылады.

Жобаның І кезеңін 2023 жылы, ІІ кезеңін 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Елді мекеніндегі барлық құрылыс жұмыстарын желтоқсанда (электр желілерін, су құбырын тарту, цех құрылысын және әкімшілік ғимаратын салу), ал жобаға қатысты құжаттарды рәсімдеуді 2024 жылдың сәуіріне дейін аяқтап, іске қосу жоспарланып отыр.

2021-2023 жылдары мал шаруашылығы кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілді және ауыл шаруашылық малдар сатып алынды (4 мал шаруашылық базасы салынды). Биыл маусымда консерві және мал сою цехтарының құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның құны - 380,0 миллион теңге

Жобаның бастамашысы: "ULY DALA Co." ЖШС. Жобалық қуаты: ауысымына 3000 банка консерві немесе жылына 230 тонна ет өнімдерін өндіру. Іске қосылған кезде 24 жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарланған. Уақытша жұмыскерлер 12 адам.
