Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 адам эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 адам эвакуацияланды

Құтқарушылар Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 жолаушыны эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құтқарушылар Жезқазған-Ұлытау тасжолында тұрып қалған автобустан 23 жолаушыны эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазған қаласынан шыққан қоғамдық көлік күн райының қолайсыздығына және көлік құралының техникалық ақауына (әйнек тазалағыштары сынған) байланысты межелі жерге жете алмаған.

"Ұлытау облысы ТЖД және ПД қызметкерлері барлық жолаушыларды Ұлытау ауылына жеткізді. Адамдарды эвакуациялау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінен 1 техника (вахтовка) берілді. Зардап шеккендер жоқ, эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети