Ұлытауда 130 көпқабатты үй жөндеуге беріледі

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытауда 130 көпқабатты үй жөндеуге беріледі

Ұлытау өңіріндегі 130-дан аса көпқабатты үй өңірлерді дамыту жоспарында қарастырылған жөндеу бағдарламасына енгізіледі. Тозығы жеткен тұрғын үйлерлердің кейбіреуі сүріліп, орнына жаңа үйлер салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тек Сәтбаев пен Жезқазғанда 46 үй апатты деп танылды. Олардың 25-нен тұрғындар көшіп жатыр.

Жезқазғандағы апатты үйлер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Соңғы екі жылда тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы бойынша 9 көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге қоныстанды.

"Өткен жылдан бері апатты жағдайдағы 25 үйдің тұрғындарын көшіріп жатырмыз. Бас тартқандарға өтемақы төленді. Оны 137 адам алды, 943 миллион теңге төленді", - дейді Жезқазған қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Алиса Сағымбаева.

Айта кетейік, Жезқазған мен Сәтбаевта бүгінде жарты ғасырдан аса уақыт бұрын салынған 400-ден аса апатты үйлер бар. Олар да өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында жаңартылатын болады. Бос ғимараттардың орнына жаңа үйлер салынбақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети