Ұлытаулық 72 жастағы саяхатшы Петропавлға таяп қалды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытаулық 72 жастағы саяхатшы Петропавлға таяп қалды © otyrar.kz

Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев бүкіл Қазақстанды жаяу аралап, Петропавлға жетіп қалды. Марафоншы 111 күнде Қазақстанның 15-тен аса қаласын жаяу жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашев бүкіл Қазақстанды жаяу аралап, Петропавлға жетіп қалды. Марафоншы 111 күнде Қазақстанның 15-тен аса қаласын жаяу жүріп өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандықтар мен ел қонақтары мені көріп, сапардың мақсатын естіген бойда қолдау білдіреді. Денсаулық, ақ жол тілейді. Әр қалада мені қонақжайлықпен қарсы алады. Қолдау мен жылы лебіздің арқасында мақсатыма күн сайын жақындап келемін", – дейді саяхатшы.

Марафоншының бірнеше мақсаты бар. Туып-өскен, еңбек еткен жері туралы айтқысы келеді. Отандық қолөнершілер туралы мағлұмат жинап, "Көкмайса" қымыз фестивалін кеңінен насихаттағысы келеді. Марафоншының ойынша, бие сүтін ішу фестивалі ұлттық игілікке айналуы тиіс. Айтпақшы, Сәрсенбай Қотырашов жүрген жерінде қымыз ішіп жүруге тырысады. Сусын оған күш пен қуат береді. Ақсақал күніне кемінде 40 шақырым жаяу жүреді.

"Кейде күніне 90-100 шақырым жаяу жүремін. Бұл тоқтауға көп уақыт кететін жағдайларда. Өтіп бара жатқандар бірге суретке түсуді сұрайды, сонымен қатар оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беремін. Марафон кезінде 14 рет арбаның доңғалақтарын ауыстырдым. Аяқкиім тозды, 6 жұп ауыстырдым", - деп бөлісті ақсақал.

Саяхатшы Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығына 21 шілдеде таңертең жетемін деп жоспарлап отыр. Петропавлдықтар ақсақалды Пестром көлінде қарсы алады. Қала әкімдігі саяхатшы үшін музейлерге экскурсия ұйымдастырады, сонымен қатар жергілікті қолөнершілермен кездесу өткізеді. Сәрсенбай аға Петропавлдан кейін Қостанай, Ақтөбе, Орал арқылы өтетін жолды еңсеріп, Атырау, Бейнеу, Ақтауға жетпек. Марафоншы 3,5 мың шақырымды бағындыруы керек. Ол қарашаға дейін Қазақстанның барлық аймағын айналып өтуді жоспарлап отыр.​

Еске салайық, Сәрсенбай Қотырашов 31 наурызда Қазақстанға жаяу саяхатын бастады. Ақсақал марафонға 7 жыл дайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети