Умраға апарамын деп 50-ден аса адамды алдаған кәсіпкер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Умраға апарамын деп 50-ден аса адамды алдаған кәсіпкер ұсталды © ktk.kz

Умраға апарамын деп 100-ден астам адамды алдады деген күдікпен "Кәусар тревел" компаниясының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Умраға апарамын деп 100-ден астам адамды алдады деген күдікпен "Кәусар тревел" компаниясының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Медет Мұратбайұлы кіші қажылықты өтеуге ниет еткеннің әрқайсынан кемі 1 мың доллардан алған.

Полицейлер "Кәусар тревелдің" басшысына іздеу салып, Медет Мұратбайұлы Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.

"Мекке мен Мәдина қалаларына жолдама алып, 50-ге жуық адамды алдаған туристік агенттіктің басшысы ұсталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды", - дейді Шымкенттің Еңбекші ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев.

Қаңтарда қажылыққа кетуге тиіс азаматтар сол күйі Мекке мен Мәдинаға бара алмаған. Ал Алматыдан жолға шыққан 57 адамды турфирма Мәдинадағы жатақханаға тастап кеткен. Сондықтан қазақстандықтар өзге елде жатын орын мен тамаққа қосымша қаржы шығындап, қайтуға билетті де өз ақшасына сатып алған. Қазір "Кәусар тревелден" жолдама алғандар жаппай полицияға арыз жазып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети