Үндістанда Абай ескерткіші ашылды

Дина Шарипханова Корреспондент

Нью-Делидегі (Үндістан) Сан Мартин Парк скверінде Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нью-Делидегі (Үндістан) Сан Мартин Парк скверінде Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістанның сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысқан.

"Абай - ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы - біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық", - деді Сұлтанов.

Реклама
Реклама

Бақыт Сұлтанов Абай бюстінің орнатылуы екі ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная