Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары аулалардағы асфальттың жағдайына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше жылдан бері шұрық-тесік жолдарға шыдап келеді. Әкімдік бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары аулалардағы асфальттың жағдайына шағымданды. Тұрғындардың айтуынша, олар бірнеше жылдан бері шұрық-тесік жолдарға шыдап келеді. Әкімдік бұл жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына Гагарин-Байқадамов-Жароков-Березовский көшелеріндегі үйлердің тұрғындары хабарласты. Олар ауласы жаңбырлы және құрғақ ауа райында қандай болатынын көрсетті.
Жароков, 269А мекенжайындағы үй алдында жол сапасы осындай.
Тұрғындардың айтуынша, олар мұндай жолдарға үшінші жыл шыдап отыр. Билікке жүгінген, бірақ нәтиже болмапты.
Бостандық әкімдігінің қызметкерлері мұнда жөндеу жұмыстарын жоспарлап отырғанын айтты. Алайда олар нақты күндерді атай алмады.
"Жароков 269А мекенжайындағы үйдің ауласы күрделі жөндеуден өткізу тізіміне енгізілген, қазіргі уақытта мердігерді анықтау бойынша конкурстық процедуралар жүріп жатыр, жұмыстың жоспарланған басталу мерзімі - 2021 жылдың үшінші тоқсаны", - деді ведомстводағылар.
Жақын маңдағы басқа үйлердің тұрғындары да жол сапасына шағымданды. Эльмира Орынбаеваның айтуынша, 2020 жылы жұмысшылар олардың ауласын қазып, кейін бұрынғы қалпына келтірілмеген.
"Бұрын бізде тегіс асфальт болды, кейін оны бұзып, бұрынғы қалпына келтірмеді. Біз қалада тұратын сияқтымыз, ал жолдар ауылдағыдай. Бірнеше жыл бұрын біздің жол тегістелген, кейін жұмысшылар келіп, құбыр саламыз деді де, бәрін қазып тастады. Тесіктер жөнделген, бірақ қалай болса, солай. Тесіктер қалды, жол тегіс емес. Жаңбыр кезінде айырмашылығын, қалай болғанын және қазір қандай екенін көруге болады. Неге бәрін бірден әдемі әрі ұқыпты етіп жасамайды? Келесі жылы асфальт жерге сіңіп кететіндей. Демек, олар біз арқылы ақша үнемдегісі келе ме?", - деп шағымданды әйел.
Мұндағы жұмысты "Алматы Су" компаниясы жүргізген болып шықты. Тұрғындардың өтінішінен кейін олар сол жаққа барған, бірақ мамандар мердігер жұмысынан ешқандай ақау таппапты.
"2020 жылы "Алматы Су" тапсырысы бойынша "ПМК-7" ЖШС мердігер ұйымы апаттық жағдайдағы сумен жабдықтау желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұрын желілерде жұмыстар жүргізілген аудандардағы жол төсемдерін мердігер кепілдік бойынша қалпына келтірді. 26 сәуірдегі жағдай бойынша сумен жабдықтау желілерінің учаскелерінде ақаулар табылған жоқ" - деді "Алматы Су" қызметкерлері.
Ауладағы асфальтты тегістеу мәселесі бойынша, компания бұл аудан әкімдігінің жұмысына қатысты екенін мәлімдеді.
Ал Жароков, 281А мекен-жайындағы үйдің тұрғындары техникалық жұмыстардан кейін аулада пайда болған үлкен шұңқырды көрсетті.
Оны "Алматы Су" қызметкерлері тұрғындар арызынан соң тегістеп тастаған.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол сапасы үшін шенеуніктерді жазалауды ұсынған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!