31 қаңтар 2017 | 11:36

Универсиада-2017 жарыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty2017.com © almaty2017.com

Алматыда Универсиаданың бірнеше спорт нысанындағы жарыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені тасжолындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты тау шаңғысы комбинациясына кіретін әйелдер арасындағы супергиганттан жарыстар кейінге қалып отыр. Сонымен қатар, "Сұңқар" трамплиндер кешенінде өтіп жатқан шаңғы қоссайысы тәртібіндегі трамплиннен секіру жарыстары кейінге қалды. "Сұңқар" шаңғы-биатлон кешеніндегі биатлоннан және шаңғы жарыстары кестесі өзгеруі мүмкін. 

Иконка комментария блок соц сети

Айта кетейік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескертіп отыр. "Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 31 қаңтар - 1 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Таулардың қарлы тік беткейлеріне шықпауды ұсынамыз", - дейді ведомстводағылар. 

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері аралығында ауа райының қандай болатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети