09 сәуір 2015 16:04

ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік материалдық көмектің көлемі белгілі болды

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік көмектің көлемі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "ҰОС-ғы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Светлана Жақыпованың айтуынша, 2015 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5,8 миллиард теңге қарастырылған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram