ҰҚК Алматыда және үш облыста арнайы операция жүргізді: 10 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Алматыда және үш облыста арнайы операция жүргізді: 10 адам ұсталды © knb.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда және тағы үш облыста арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда және тағы үш облыста арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген.

"Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған. Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети