ҰҚК басшысы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстарға жауапкершілікті қатайтуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК басшысы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстарға жауапкершілікті қатайтуды ұсынды © pm.kz

ҰҚК басшысы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстарға жауапкершілікті қатайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК басшысы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстарға жауапкершілікті қатайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

10 маусымда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында жұмыс тобы құрылады және "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң  жобасы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов мәлімдеді. 

"Біріншіден, бас бостандығынан айыру және шектеу мерзімдерінің төменгі және жоғарғы шектерін арттыру арқылы экстремистік және террорлық сипаттағы қылмыстарға жауапкершілікті қатайтылуда. Экстремизм мен терроризм үшін міндетті жазалау шаралары ретінде мүлікті тәркілеу туралы норма енгізілуде", - деп атап өтті ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов.  

Сондай-ақ, террористік қатынастағы әлсіз нысандарды қорғау туралы заңнама жетілдіріледі. Атап айтқанда, ҰҚК басшысы түсіндіргендей, күзет ұйымдары өздері күзететін нысандарды антитеррорлық қорғауды қамтамасыз етуге жауапты нысандар қатарына қосылады.

"Аталған саладағы заңнаманы бұзуға әкімшілік жауапкершілікті қатайтуды қоса алғанда, қару айналымын бақылауды күшейту жоспарланған", - деді Владимир Жұмақанов.

ҰҚК төрағасының мәліметінше, заң жобасы 6 кодекс пен 18 заңға түзетулер енгізуді қарастырады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети