ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың соты басталды © Tengrinews.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев сот алдында жауап беруде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев сот алдында жауап беруде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республикалық әскери соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысының ісі сотта қаралып жатыр. Іс материалдарына мемлекеттік құпия болғандықтан процесс жабық өтеді. 

2017 жылдың 4 шілдесіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев Дүтбаевқа қатысты тергеу аяқталып, іс Ақмола гарнизонының сотына жолданғаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев пен істің өзге фигуранттарына қатысты тергеу құпия түрде жүрді. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болды. Ол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бұрынғы басшыға қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаев "Мемлекеттік құпияны жария ету" және "Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдалану" деген күдікпен ұсталған болатын. Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалған еді. 

Еске салайық, Нартай Дүтбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанынан дейін басқарған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети