ҰҚК өкілдері "Ақтөбе ҰҚКД қызметкерлеріне сөгіс жариялау" туралы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК өкілдері "Ақтөбе ҰҚКД қызметкерлеріне сөгіс жариялау" туралы видеоға қатысты пікір білдірді © Youtube

ҰҚК өкілдері "Ақтөбе ҰҚКД қызметкерлеріне сөгіс жариялау" туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК өкілдері "Ақтөбе ҰҚКД қызметкерлеріне сөгіс жариялау" туралы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің өкілдері YouTube сайтында 5 маусым күні "Super Kazakh" атты қолданушы жариялаған "Ақтөбедегі теракт. ҰҚКД қызметкерлері сөгіс алып жатыр" атты видеороликті қарап шықты. 

Ескерту! Видеода бейпіл сөздер қолданылған!

"ҰҚК баспасөз қызметі бұл видеороликтің Ақтөбедегі жағдайға және терроризмге қарсы жүргізілген операцияға еш қатысы жоқ екенін хабарлайды. Бұл видеожазба 2015 жылы "Астана" шекара бақылау отрядында түсірілген. Бұл мәселе бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді", - деді ҰҚК өкілдері.

Комитеттің мәліметінше, тексеріс нәтижесі бойынша видеодағы кейіпкер капитан Нұрғалиев ҰҚК Шекара қызметінен жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар, бірнеше командир мен әскери қызметшілер тәртіптік жазаға тартылыпты.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети