ҰҚК танымал блогерлерден белсенділік күтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК танымал блогерлерден белсенділік күтеді

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны талқылауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны талқылауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК Антитеррористік орталығы бас штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкин еліміздегі танымал блогерлердің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға атсалыса алатынын айтты.

"Сондай-ақ, азаматтық қоғам Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы халық арасында нөлдік төзімділік ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халыққа терроризм мен экстремизмнің қаупін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмді насихаттаудың әдістерін түсіндіре алады. Осыған байланысты Интернет кеңістігінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір лидерлерінің тарапынан белсенділік күтеміз", - деді Сергей Швейкин.

Сонымен қатар, ҚР ҰҚК Антитеррористік орталығы бас штабы басшысының бірінші орынбасары "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" мен ҰҚК академиясы базасында ақпараттық-түсіндірме топтардың жұмысшыларды сапалы даярлау мен оқытуға қатысты шараларды жүргізетінін айтты.

ҰҚК ұсынып отырған мемлекеттік бағдарлама бірнеше тапсырмадан тұрады: адамдарды, қоғам мен мемлекетті діни экстремизм мен терроризм мазмұнындағы қатерлерден қорғай отырып, оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама төрт жылға әзірленген. Ал осы бағдарламаға қатысты ұсыныстар мен ескертпелер [email protected] электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети