Ұрланған кептерлерін үш миллион теңгеге бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұрланған кептерлерін үш миллион теңгеге бағалады Фото Марат Абилов©

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғынына ұрланған кептерлерін қайтарып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "7-ақпанда Шемонаиха аудандық ішкі істер бөліміне 56-жасар жергілікті тұрғын келіп, өзінің үйінің ауласында орналасқан кептерханасынан белгісіз біреулер 37 түрлі-түсті сәнді кептерлерін ұрлап кеткендігі жөнінде шағымданды",-делінген хабарламада. Құқық қорғау қызметкерлерінің іздестіруінен кейін кептерлерді ұрлаған күдікті қолға түсті. Ол Шемонаиха ауданының 60-жасар жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Оның үйінен табылған сәнді кептерлер заңды иесіне қайтарылды. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші ұрланған "Пұшық мұрын" тұқымды кептерлерін үш миллион теңгеге дейін бағалады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети