Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © vchasnoua.com

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

18 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метр желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласы 18 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, күннің екінші жартысында екпіні секундына 25 метр желдің күшеюі күтіледі.

Түркістан қаласында 18 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні секундына 25 метр желдің күшеюі күтіледі.

18-20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр күтіледі.

Қостанай қаласында 18 қаңтарда көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.38  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети