Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды © pixabay.com

Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 16 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, дауыл болады, найзағай ойнайды, кей жерлерде шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел тұрады. Дауыл ықтималдығы - 95-100 пайыз.

17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз. Осы күні Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Дауыл ықтималдығы - 90-95 пайыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети