Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

26 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секнудына 15-20 метр күтіледі.

Күндіз 26 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ,  солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі.   

Орал қаласында күндіз 26 шілдеде найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метр күтіледі.    

26 шілдеде түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде секундына 18 метр күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.52  course up  585.95  course up  6.4  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети