Үш облыста көшкінге байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш облыста көшкінге байланысты ескерту жарияланды ©Аltaynews.kz

Қазақстанның үш облысында төтенше ескерту жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы құтқару қызметі" МКҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. "Жылымық пен жауын-шашынға байланысты алдағы үш тәулік ішінде (14-16 наурыз аралығы) таулы аймақтарда қар көшкіні болады деп күтіледі. Төтенше жағдай кезінде 109, 112 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" кәсіпорны елімізде ауа температурасының күрт жоғарылайтынын хабарлаған еді. Оған Орталық Азия аудандарынан жылудың көп таралуы себеп. "Температураның бұлай көтерілуі Каспий теңізінде қалыптасып, Қазақстан аумағы арқылы батыстан шығысқа жылжитын циклонның басталатынын білдіреді. Осы циклонның әсерінен республикада жауын-шашын мен көктайғақ болып, батыстан соғатын жел 15-20 м/с-ке күшейеді, ал оңтүстік пен шығыстың таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін", - деген болатын мамандар. Айта кетейік, 10-11 наурыз күндері Кіші Алматы өзені бассейнінде жалпы көлемі 4100 текше метр болатын қардың көшкені тіркелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети