"Үш жігіт төбелесіп жатқан" - Куәгер Денис Тенге жасалған шабуыл жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Үш жігіт төбелесіп жатқан" - Куәгер Денис Тенге жасалған шабуыл жайлы айтып берді

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақталған күні оқиға орнында болған куәгер Tengrinews.kz тілшісіне спортшыға алғашқы көмек қалай көрсетілгені жайлы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақталған күні оқиға орнында болған куәгер Tengrinews.kz тілшісіне спортшыға алғашқы көмек қалай көрсетілгені жайлы айтып берді.

Қайғылы оқиғаның куәгері болған қыз 19 шілдеде дүкеннен шығып келе жатып айғайлап жатқан үш-төрт адамды байқағанын айтып берді.  

"Олар су сұрап жатты, сосын бір жігіт су алып келді. Бір жігіт көлік ішінде отырғанда үш жігіттің төбелесіп жатқанын көргенін айтып берді. Содан біреуі құлапты. Көліктегі жігіт атып шығып, жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнында техникалық паспорт жатқан, содан барлығы зардап шеккен адамның Денис Тен екенін білді. Жедел жәрдем алып кеткенде оның бір аяғы жуан болып көрінді. Ісініп кеткен, қан көп болды, бірақ ешкім оны өледі деп ойламады. Мейрамханадан даяшы арақ алып шығып, оның жарақатына сеппек болған. Тен сол мейрамханадан шыққан, көлігі жолдың арғы бетінде тұрды. Жедел жәрдем алып кеткенде ол дем алып жатқан. Ол өлді дегенге сенбеймін. Өзі тап-таза болған, аяғында ғана қан көрінді", - дейді куәгер.

Еске салайық, Денис Тен 19 шілдеде қайтыс болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурор мен ішкі істер министріне Денис Теннің өліміне қатысты тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети