Үсеновтің әкесінің қызметтен кеткені расталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Алматыда көлікпен алты адамды қағып кетіп, кейін жазадан құтылған Мақсат Үсеновтің әкесі - "Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясының қызметкері өз еркімен жұмыстан кетпек. Ақпарат құралдарында тараған бұл әңгімені ұлттық компанияның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қажымұрат Үсеновтің жұмыстан босату туралы арыз жазғаны рас. Еске саламыз, өткен желтоқсан айында алты адамды қағып кетіп, біреуін өлтірген Мақсат Үсеновтің тараптардың ымыраға келуі себепті тұтқыннан босатылуы қоғамның наразылығын туғызған еді. Оның ісін қайта қарау және бұл талап орындалмаған жағдайда EXPO-2017 жобасына бойкот жариялау туралы онлайн-петицияға 20 мыңнан астам адам қол қойды. Ғаламтордағы наразы көпшілік Қажымұрат Үсеновтің қызметтен кетуін де талап еткен еді. Енді көпшіліктің талабы орындалған сыңайлы. Бірақ ұлттық компания мамандары атышулы жол-көлік оқиғасының халықаралық көрменің дайындығына ешқандай әсер етпейтінін айтқан болатын. Олардың сөзіне қарағанда, Қажымұрат Үсенов ашық-жарқын адам, әрі өз ісінің кәсіби білгірі. Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен 23 жастағы Мұрат Қарабалиннің өліміне себепші болды. Көлік қаққан қалған бес адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, оның біреуі ауруханада әлі жатыр. Үсеновке қатысты екі қылмыстық іс қозғалғанымен, оның жәбірленуші тараптың шығынын өтеуіне және марқұмның туыстарының бұнымен мәмілеге келуіне байланысты ол Алмалы аудандық сотының шешімімен тұтқындаудан босатылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro