05 маусым 2017 | 15:59

Үсеновтің әрекетін сөккен жолаушы айтқысы келген ойының дұрыс түсінілмегенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсеновтің ұшақ бортындағы қылықтарына куә болған кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Павел Коктышев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында шаруамен жиі ұшса да дәл мұндай жайтты өмірінде көрмегенін айтып берді. Коктышев үйіне оралғаннан кейін куәгер әрі жәбірленуші ретінде әуежайдың желілік ішкі істер бөліміне және прокуратураға шағым түсіретінін айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Мақсат Үсеновтің ұшақ бортындағы қылықтарына куә болған кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Павел Коктышев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында шаруамен жиі ұшса да дәл мұндай жайтты өмірінде көрмегенін айтып берді. Коктышев үйіне оралғаннан кейін куәгер әрі жәбірленуші ретінде әуежайдың желілік ішкі істер бөліміне және прокуратураға шағым түсіретінін айтты.

"Мен оның мас болғанын немесе сау болғанын әлі де нақты айта алмаймын. Басынан бастап шу шығарды. Бірден танымадым, түрін көргенде ғана түсіндім. Бастапқыда көңілге тимейтін қылығы болды, сондай ақкөңіл адамдар болады ғой. Бортта адам көп болмады, жартылай бос еді. Сосын мен салонда жүре бастадым. Көптеген жолаушылар құлаққаппен отырған, ол жоқ гитарада ойнап отырғандай болды. Кейін тағам таратыла бастағанда, ол стюардессалардан шылым шегуге рұқсат сұраумен болды. Қатты қалап тұрғанын айтып жатты. Барынша әдепті болуға тырысты", - дейді MOST Business Incubator компаниясының негізін қалаушы.

Айтуынша, Үсенов шылым шегуге рұқсатты ақыры ала алмаған соң ашуланып, жағдайды ушықтыра бастапты. 

"Бір уақытта оған қатаң ескерту жасалып, бақылауға алынатыны айтылды. Сосын ол әжетханаға кіріп кетті, есіктің алдында стюардессалар жиналып қалды. Құрылғы іске қосылған болуы керек. Ол өз орнына барып жайғасқанда, оған ереже бұзғаны түсіндірілді. Менің білуімше, ол осы әрекетіне түсініктеме бергендей бір қағазға қол қойды, бұдан кейін стюардессалар мен жолаушыларға дөрекі сөйлей бастады. Онымен бірге досы ма, туысы ма - әйтеуір біреу болды, ол оны сабырға шақырды. Бірақ Үсенов сонда да қоймай, шу шығара бастады. Алдыңғы орында финтесс-инструктор ма, әлде спортшы ма, біреу отырған, Үсенов оған қарап отырып, жұдырықтасқандай әрекет жасап, даусын шығарып сөйлей бастады", - деп сипаттады Үсеновтің қылығын кәсіпкер.

Ал ұшақ қона бастағанда ол дереу сабырға келіп, персоналдан түсініктемесін қайтарып алуын және ереже бұзғанын ешкімге айтпауын сұрапты.

Коктышев Үсеновтің бұл әрекетін сөгіп, түнгі рейсте қалған жолаушылардың ұйықтай алмағанын айтты. 

"Мен қалыпты демала алмадым, бұл адам бірдеңе бүлдірмесе екен деп уайымдадым. Үсеновтің мен сияқты үйге қайта ұшатынын білемін, сондықтан онымен бірге қайтқым келмеді. "Эйр Астана" компаниясына қояр сұрақтарым да бар - оны қара тізімге қосу мәселесі. Өзім шағым түсіремін. Прокуратура оның әрекетіне баға бергенін қалаймын. Асанов мырза Үсеновті өз сөзінде атап өткен болатын. Қоғамға қарсы осындай оқиғалардан кейін прокуратура осы мәселені ерекше бақылауына алуы тиіс деп есептеймін", - дейді Коктышев.

Кәсіпкер әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан қандай әсер алғанын да айтып өтті. Ол қоғамның дүрліккенін, бірақ, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін ештеңе істемейтінін айтып отыр. Қоғам назарына дарынды адамдар емес, осындай даукестер түсе беретіні кәсіпкердің жасаған екінші тұжырымы. 

"Әрбір үшінші пікір жазған адам менің орнымда болса Үсеновті соққының астына алатынын айтады. Меніңше, бұл саналы адамның ісі емес, себебі сот билігін күшейту керек. Көпшілігі бұл ойды түсінбеді. Біз Үсеновті талқылай бастадық, ал негізінде сот жүйесін талқылауымыз керек. Біз әлі де осындай нақұрыстарды талқылай жатармыз, бірақ керемет замандастарымыз қоғамға түк те қызық емес. Қоғамымыздағы осы екі мәселе алаңдатады", - деді Коктышев.

Осыған дейін Павел Коктышев Facebook желісінде Мақсат Үсеновтің борттағы орынсыз әрекеттері жайлы айтып берген еді. Ол оқиғаның видеосын жариялаған. Кейін Үсеновтің босатылғаны және жауапкершілікке тартылмағаны анықталды.

Еске салайық, Мақсат Үсенов адам қағып өлтіргені үшін сотты болған еді. Алайда әлеуметтік желілерде соттың Үсеновке жеңіл жаза тағайындағаны қызу талқыланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети