28 қаңтар 2014 14:15

Үсеновтің ісі EXPO-2017 көрмесінің дайындығына әсер етпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

"Астана EXPO-2017" ұлттық компаниясы мамандары компания қызметкерінің баласының қатысуымен болған атышулы жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мақсат Үсеновтің ісі EXPO-2017 көрмесінің дайындығына ешқалай әсер етпейді. "EXPO-2017 ұлттық жобасының компания қызметкерлерінің бірінің жеке мәселесіне байланысты емес. Бұл орайда аталған оқиғаның EXPO-2017 көрмесіне дайындыққа ешқалай әсер етпейтінін атап өту керек. Жоба аясындағы жұмыстар қарастырылған кесте бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарылған жауапта. Алты адамды қағып кеткен Мақсат Үсеновтің ісін қайта қарауға үндейтін онлайн-петицияға бүгінде 17 мыңға жуық қол қойылған. Сонымен бірге, оның авторлары EXPO-2017-ні өткізуге бойкот жариялауға шақырып отыр. "Ұлттық компанияда Қажымұрат Үсенов өзін ашық мінезді әрі кәсіби білікті адам ретінде көрсетті. Баласының қатысуымен болған оқиғаның оның кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Ұлттық компания соттың шешімі мен құқық қорғау органдарының әрекетіне араласа алмайды. Шешім шығарарда сот бәрінен бұрын бейтараптық қағидаларын негізге алады. Сот қызметіне қандай да бір жолмен араласуға жол берілмейді", - деп хабарлады ұлттық компания өкілдері. Қоғамдық серпіліс туғызған жол-көлік оқиғасы желтоқсанның бірі күні болды. Алматы қаласының тұрғыны Мақсат Үсенов жаяулар жолында алты адамды қағып кетті. Оның бірі - 23 жастағы Мұрат Қарабалин оқиға орнында қайтыс болды, бір адам ауруханаға түсіп, тағы төртеуі дәрігерлік тексеруден соң үйлеріне жіберілді. BMW X6 көлігінің қатысуымен болған оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалған еді. 22 қаңтар күні Алмалы аудандық соты бұлтартпау шарасының күшін жойып, айыпталушыны тұтқыннан босатты. Бұған оның жәбірленуші тараппен ымыраға келуі себеп болды. Ал Интернет тұтынушылары істің бұлай аяқталғанына наразы болып, оны қайта қарауды талап еткен онлайн-петицияны бастады. Ғаламтор қолданушылары іс оң шешімін таппаса, кінәлі тұлғаның әкесі қызмет ететін ұлттық жобаны өткізуге бойкот жариялайтынын айтып отыр. Мақсат Үсеновтің әкесі "Астана EXPO-2017" компаниясында құрылыс департаментін басқарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети