"Кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығының" территориясынан кетіп қалған жасөспірімдерге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Балалардың жоғалғаны жайлы хабар полицияға 21.15-те түскен. Хабар берушілердің мәліметінше, жасөспірімдер 27 маусымда шамамен сағат 18.00-де серуендеу кезінде кетіп қалған.

Қашып кеткен 2001 жылғы Диас Кәкімов пен оның құрдасы Соболевский Владимирдің өздігінен кетіп қалу және қаңыбастығы үшін орталықта уақытша болғаны және Тараздағы девианттық мінез-құлық көрсететін балалар мен жасөспірімдердің арнайы мектебінің бақылауына берілуі тиіс болғаны айтылады. Ал 2002 жылғы Денис Аспилейдер Ақмола облыстық кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі Ювеналдық сотының шешімімен балалар үйіне жіберілуге дейін бейімдеу орталығында болған, себебі оның шешесі ата-ана құқығынан айырылған.
Жасөспірімдерді іздеу жұмыстарымен Көкшетау ІІБ полицейлері мен ювеналдық полиция инспекторлары айналысып жатыр. "Полицейлер оларды табу бойынша жедел-іздестіру шаралар кешенін жүргізіп жатыр, туыстары мен достарын, таныстарынан сұрастырып жатыр. Жасөспірімдер туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 25-96-00 немесе 102 номерлеріне хабар беруді сұраймыз", - делінген баспасөз хабарламасында.