16 сәуір 2015 | 12:09

Үш қазақстандық бомба жасауды үйренгеннен кейін Сирияға кеткісі келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Батыс Қазақстан облысының үш тұрғыны шетелдік қарулы шиеленіске қатысуға дайындық жасағаны үшін және Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының үш тұрғыны шетелдік қарулы шиеленіске қатысуға дайындық жасағаны үшін және Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

"Облыстың үш тұрғыны Дамир, Ер-Қосай және Дәурен радикалды дін бағытын ұстанып, "Ислам мемлекеті тобының мүшелеріне қосылу үшін Сирия-Иран аймағына бару мен Сирия, Ирак үкіметінің құрылымдарына қарсы әрекет ететін ұрыс әрекеттеріне қатысу әрекетін дайындаған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің айтуынша, бұл мақсаттар үшін олар джихад туралы діни әдебиетті, мобильді детонаторды дайындау жөніндегі көмекші құралды меңгерген, сондай-ақ ғаламтор арқылы Сирияда лаңкестік қызметке қатысқан облыс тұрғындарымен байланыс ұстаған, сонымен қатар онда ұрыс әрекеттеріне дайындықтан өту уақыты мен оларға жедел жету мүмкіндіктерін талқылаған.

2014 жылдың 11 қарашасында Дамир, Ер-Қосай және Дәурен белгіленбеген өткізу пунктінен тыс жерде Қазақстан Републикасының Мемлекеттік шекарасын түнгі уақытта заңсыз кесіп өткен. Бірақ шекара қызметінің қызмкетерлері оларды ұстады. Облыстық прокуратура өкілдерінің айтуынша, тергеуді ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізді, қылмыстық іс жаңа қылмыстық-процессуалдық заңнаманың ережелеріне сәйкес сотқа жіберілді.

"Орал қалалық сотының 2015 жылдың 14 сәуірде шығарған үкімі бойынша, олардың әрқайсысы ҚР ҚК 24-бабының 1-бөлімі және 172-бабы, 392-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу колониясына 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы өткен жылы жазда Сирия мен Ирактағы басып алған аумақтарында "халифатты" жариялады. Лаңкестер Сирия жерінде үкіметтік күш құрылымдарына қарсы шайқасқан кезде біраз әл жинады. Лаңкестік әрекет салдарынан бірнеше мың бейбіт тұрғын, жүз мыңдаған босқын мен тұтқында болған бірнеше мың адам қаза тапты. АҚШ 23 қыркүйекте араб сынды одақтық елдерге қолдау көрсетіп Сирияда Ислам мемлекетінің позицияларына әуе шабуылын жасады, ал тамыз айынан бастап осыған ұқсас операциялар Иракта жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети