Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
Ақмола облысында 25 желтоқсанда сағат 09:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолының учаскесінде көліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Шығыс Қазақстан облысында 25 желтоқсанда сағат 12:50-де ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты "Өскемен-Шемонаиха" автожол учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Павлодар облысында 25 желтоқсанда сағат 09:30-да ауа райының қолайсыздығына орай (боран, көрінбеу) " "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолы (200-242 шақырым) учаскесінде жолдар жабылды.
25 желтоқсанда сағат 11:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) көліктің барлық түрі үшін "Қызылорда-Павлодар" автожолының 1206-1135 шақырымы аралығы жабылды.
обл.).
ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарға ауа райының өзгерістерді (метеорологиялық мәліметтер, смс-хабарлама арқылы көрсетіледі) бақылап отыруға кеңес берді. Ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауды сұрайды.