©РИА Новости
Наурыздың 18-19-ы күндері Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласында дүлей жел тұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, аталған өңірлерде ескерту жарияланды. "18 наурыз күні күндіз және 19 наурыз күні тәулік бойы Ақмола, Қарағанды облыстарында, 19 наурыз күні Павлодар облысында жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, жекелеген аудандарда жел екпіні 30 м/с-тен асады, кей жерлерде боран соғады", - делінген хабарламада. Сонымен бірге, Астана қаласында 18 наурыз күні күндіз және 19 наурыз күні тәулік бойы жауын-шашын болып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғады, арагідік жел екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бүгін - 17 наурыз күні Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында әлсіз боран болып, облыстың көп бөлігінде жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Сондай-ақ бүгін Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да қатты жел соғады.
Наурыздың 18-19-ы күндері Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласында дүлей жел тұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, аталған өңірлерде ескерту жарияланды. "18 наурыз күні күндіз және 19 наурыз күні тәулік бойы Ақмола, Қарағанды облыстарында, 19 наурыз күні Павлодар облысында жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, жекелеген аудандарда жел екпіні 30 м/с-тен асады, кей жерлерде боран соғады", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, Астана қаласында 18 наурыз күні күндіз және 19 наурыз күні тәулік бойы жауын-шашын болып, оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жел соғады, арагідік жел екпіні 25 м/с-ке жетеді.
Бүгін - 17 наурыз күні Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында 15-20 м/с жел соғады, күндіз жел екпіні 25 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында әлсіз боран болып, облыстың көп бөлігінде жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Сондай-ақ бүгін Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да қатты жел соғады.