Үш өңірде ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш өңірде ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылды

Дүйсенбі, 6 наурызда ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы мектептерде сабақтар тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүйсенбі, 6 наурызда ауа райының нашарлауына (жаңбыр, көктайғақ) байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы мектептерде сабақтар тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы, Глубоковский ауданында 0-9 сынып аралығындағы бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Сондай-ақ, Күршім ауданы Күршім ауылында 0 сыныптан 11 сыныпқа дейін бірінші және екінші ауысымдағы оқушылар, Риддер қаласында 0-6 сынып аралығында бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті.

Абай облысында Семей, Курчатов, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз, Жарма аудандарындағы бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің бірінші және екінші курс студенттерінің де сабақтары ауысты.

Қостанай облысында қатты желдің салдарынан бірқатар мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді. Денисовский, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети