Еліміздің үш өңірінде қар көшкіні жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Еліміздің үш өңірінде қар көшкіні жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз күйіне байланысты Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында) және Алматы облысының таулы аудандарында 27-28 желтоқсан аралығында қар көшкіні күтіледі", - деп хабарлады мамандар.
Сондай-ақ, қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынатыны айтылады. "Тауда абай болыңыз", - деп ескертті "Қазгидромет" РМК өкілдері.