Үш өңірде қылмыстық топтар ұсталды - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш өңірде қылмыстық топтар ұсталды - ІІМ видео кадры

Кейінгі үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі үш күнде үш қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оралда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде көрсетіп, зорлық-зомбылықпен оқу орындарының бірінің студентінен 500 мың теңге бопсалаған жергілікті жастар тобын ұстады. Күдіктілер қамауға алынды.

Шымкентте жедел уәкілдер қаланың екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұсталғандар жергілікті тұрғыннан бір миллион теңге бопсалап, оған қатысты ақпарат таратамыз деп қорқытқан.

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері бір миллион теңге мен Subaru автокөлігін алу кезінде қылмыстық топтың мүшесін ұстады. Ол өзінің үш сыбайласымен ғимарат жертөлесінде жәбірленушіге моральдық және физикалық қысым көрсетіп, сегіз миллион теңге бопсалаған.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бопсалау фактілерін анықтау және олардың алдын алу жұмыстары жалғасады", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети