Алматы блокбекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы блокбекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізген қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша басшылық қызметтегі 9 қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.
– Алматы қаласы ПД Патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары полиция подполковнигі Қ.Е. Сатаев;
– Алматы қаласы ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы полиция полковнигі О. С. Мырзабеков;
– Алматы қаласы ПД Жеке құрам бойынша инспекция басшысы полиция подполковнигі А.О. Ақылбеков атқарып жүрген лауазымдарынан босатылды.
– Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция полковнигі М. А. Саттаровқа (бұрын полк командирі қызметін атқарған);
– Алматы қаласы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы полиция подполковнигі С.О. Көкірекбаевқа;
– Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі А.А. Нашарбековке қызметіне толық сәйкес еместігі ескертілді.
– Алматы қаласы ПД басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Н. С Алмасбековке, Алматы қаласы ПД-нің бөлім басшысы полиция подполковнигі С.К. Әзірбекке қатаң сөгіс жарияланды.
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қ.Д.Таймерденовке сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін қатаң сөгіс жарияланды.
Блокбекетте полицейлерді өлтірген адам қылмысқа қасақана барған болуы мүмкін - адвокат
Еске салайық, 25 мамырда Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!